1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің басшысы, сардары  Амангелді Үдербайұлы Имановтың есімін жерлестері мақтан тұтады және ерекше қадірлейді. Амангелді батырдың есімі аталғанда ерлік пен өрлік үлгісі көз алдымызға келетіні рас.

         Аты аңызға айналған батыр бабамыздың туғанына 148 жыл толып отыр. Осыған орай, 3  сәуір - Амангелді Имановтың туған күні қарсаңында А.Иманов атындағы мемориалдық музейінің ғылыми қызметкері Ж.Досбергенов аудан мектептерінің оқушыларына Амангелді батыр есімін ардақтау, Отаншылдыққа,ерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында  «Ерлігі елге – мұра, ұрапаққа өнеге» атты ерлік сабағын өткізді. Сабақ барысында музей экспозицияларына экскурсиялар жасалынып, Амангелді Имановтың өмір жолы, отбасы, ерлік жолдары, әскери тактикалары, туралы мәліметтер айтылды. Сонымен қатар, мектеп оқушыларына  музей қорында сақталған Амангелді сарбаздарының фото-суреттері, көтеріліс уақытындағы маңызды тарихи құжаттардың көшірмелері  көрсетіліп, таныстырылды.