Амангелді аудандық полиция бөлімі бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі Болат Досмағанбетов Амангелді аудандық полиция бөлімінің жас қызметкерлеріне "Ерлік-елге мұра" атты іс-шара өткізді. Іс шара барысында жас тәртіп сақшыларына музей ғылыми қызметкері Ж. Досбергенов  карантин талаптарын сақтай отырып, музей залдарына  экскурсия жасады. Полиция қызметкерлеріне аудан тарихын, ауданнан шыққан танымал тұлғалардың және ҰОС ардагерлерінің ерлік жолдары туралы мәліметтер айтылды. Полиция қызметкерлері ел-жердің тарихын біліп, берілген ақпарат өте пайдалы болды деген ойдамыз.