Сіздердің назарларыңызға 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай А.Иманов атындағы Амангелді мемориалдық музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ерен Елбасы - Кемел Көшбасшы» атты онлайн көрмені ұсынамыз! Көрмеде 1 желтоқсан – Президент күні мерекесінің шығу тарихы жөнінде мәліметтер, елбасының отбасы, өмір жолы және қызмет жолынан сыр шертетін фотосуреттер қойылған.