Музейлік дәріс «Ұлым дейтін ел болмаса...»

ҚазҚСР-на еңбегі сіңген құрылысшы, белгілі меценат, саяхатшы Сапар Ысқақов өмір жолы.

 

23 қазан  күні А.Иманов атындағы Амангелді мемориалдық музейінде ҚазҚСР-на еңбегі сіңген құрылысшы, белгілі меценат, саяхатшы Сапар  Ысқақовтың өмір жолы туралы онлайн музейлік дәріс өткізілді. Сабақ мақсаты оқушыларға жерлесіміз С. Ысқақов жайлы барлық деректерді таныстырып, оның еңбек жолын балаларға өнеге ету. Ақпараттық сағат барысында Сапар Ысқақовтың  мұражай экспозициясындағы «Жыл адамы» (2005) байқауының жеңімпазы атанғанда алған «Алтын адам» мүсіні және «Добрый Ангел мира» дипломы таныстырылып, «Ұлым дейтін ел болмаса...» тақырыбында дәріс оқылды. Іс-шараға «Руханият» үйірмесі оқушылары қатынасты.