1908 жылы Қостанай уезі Қараоба болысында келген. Орынбор қаласындағы жасөспірімдер мектебінде қазақша білім алған. Одан кейін Ақтөбеде Темір жол техникумын бітіреді.  1937 жылы Қостанай педагогикалық техникумынан жолдама алып, Амангелді орта мектебіне мұғалім болып келеді. Жас ұстаз өзінің тынымсыз да адал еңбегінің арқасында  ерекше көзге түсіп, қоғамдық жұмысқа белсене араласты. Мұғалімдер комсомол ұйымының хатшысы болып, аудандық комсомол комитетінің құрамына кірді. Бас –аяғы екі жылда ерекше көзге түскен жас ұстазды аудандық партия комитеті өзіне нұсқаушылыққа алды.  1939 жылы ұйымдастыру бөлімінің меңгерушілігіне бекітілді. Ұлы Отан соғысы жылдарында шығыс шекарасында екі жыл болып, елге оралған.   1939-1953 жылға дейін партия жұмысында үзбей қызмет етіп, Алматы партия мектебіне оқуға кетті. Екі жыл партия мектебінде оқыған Бекмағанбет Оразалин Қостанайдың Затобол ауданында атқару комитетінің төрағасы болып сайланады. Ол елдің де экономикасының жақсаруына өзіндік үлесін тигізген оны қайтадан Амангелді ауданына атқару комитеті төрағасының орынбасары етіп тағайындайды. Бірнеше жылдан кейін мал бордақылау совхозының  директоры болып жүргенде, жасы келіп 1968 жылы республика дәрежесіндегі дербес зейнеткерлікке  шықты. «Құрмет белгісі» орденінің, бірнеше медальдардың иегері, еңбек және соғыс ардагері  1978 жылы дүниеден өтті.