Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді. Осы атаулы күн қарсанында А.Иманов атындағы Амангелді мемориалдық музейі «Таңбалар тарихы» тақырыбындағы онлайн көрмені назарларыңызға ұсынады. Көрмеге ұлан-ғайыр қазақ елінің даласында үстемдік құрып, бірнеше мәрте алып империя құрған ғұндардың, Көне түркі тайпаларының мемлекеттік нышандарының суреттері ұсынылды. Сонымен қатар, тәуелсіз мемлекетіміздің егемендігімен біртұтастықтығын білдіретін басты рәміздеріне негіз болып, ғасырлар бойы сақталып ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып, сақталып келген қазақ халықының ру, тайпаларының таңбалары туралы мәліметтер және тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері сипатаммасымен бірге суреттері қойылды.