Бүгін - ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Атаулы күн 1997 жылдан бастап атап өтіліп келеді.

Бұл дата Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие. Халық жауларын анықтау бойынша қатаң саясаттың салдарынан қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да зардап шекті. Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады, 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді.Олардың арасында қазақ зиялылары:ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері болды.

Бүгін А.Иманов атындағы музейдің алдында саяси қуғын сүргінге ұшырағандарды еске алу күніне орай іс - шара өтті. Шара барысында музей басшысы Сахан Оңжанұлы Амангелді ауданы бойынша саяси қуғын - сүргінге ұшырағандарды анықтау бағытында атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама оқыды. Сонымен қатар "Зұлмат жылдар жадымызда" атты көрме таныстырылды. Іс - шара соныңда саяси қуғын сүргінге ұшырағандардың рухына құран бағышталды.