Амангелді ауданының құрылғанына 95 жыл

 

17.01 күні Амангелді ауданының құрылған күніне орай, Қ.Әбенов атындағы мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Іс-шара барысында музей басшысы Амангелді ауданының тарихы жөнінде «Амангелді ауданының құрылғанына 95 жыл» атты тақырыбында баяндама оқыды. Баяндама мақсаты ауданымыздың құрылған жылынан бастап осы күнге дейінгі тағылымды тарихты таныстыру. Және биылғы жылы ұлт ұлықтаған Аманкелді батырдың туғанына 150 жылы толатын мерейлі іс-шараны ойдағыдай атқару жөнінде айтып өтті. Сонымен қатар, баяндаманың мазмұнына сәйкес аудан халқы онлайн көрме тамашалады.

Құрметті, аудан халқы, келіп жеткен мерекеміз құтты болсын! Тарихы тағылымға толы туған өлкеміздің болашағы жарқын, келешегі кемел болып, жүз жылдығымызда да амандықпен жүз көрісуге жазсын!