15.12. күні 16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздігіне 31 жыл толуына орай «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!» атты кездесу кеші өтті. Іс-шара мақсаты Тәуелсіздіктің 31  жылдығына орай шара ұйымдастыру арқылы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының маңызы жайлы, ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіздігіміздің тарихын түсіндіру. Кездесуге 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан жерлесіміз Мырзағазина Бақытгүл әпкеміздің бауыры Мырзағазин Азамат Тұрғанұлы, Амангелді орта мектебінің тарихшысы Қарғина Нұргүл қатысты. Кеш барысында қатысушыларға «Тәуелсіздік - ел тұғыры» атты көрме таныстырылды. Сондай-ақ, ел тәуелсіздігінің тарих беттерін баяндайтын сұрақтар қойылып, Ы.Алтынсарин орта мектебінің «Парасат» дебат клубының оқушылары патриоттық өлең шумақтарын оқыды.