Бүгін, 25-ші қазан Республика күні мерекесіне орай А.Иманов атындағы мемориалдық музейінде «Қазақстан – менің елім!» тақырыбында аға буын мен жас ұрпақтың кездесуі өтті. Іс-шара мақсаты: Республика күнінің мерекесінің  мән-мағанасын ашу және Республикамыздың іргесі қаланған жылдары жұмыс атқарған аға буынның естеліктерін, ақыл кеңесін тындау, өскелең ұрпаққа елжандылыққа, елін жерін сүюуге тәрбиелеу. Кездесуге Амангелді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Есім Жетпісбайұлы, ардагер-ұстаз Серік Жұмағұлов қатысып, Тәуелсіздік жылдарындағы қызмет жолдарын, ауданымыздың даму кезеңдерін баяндап берді. Іс-шараға қатынасқан Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің оқушылары мереке жөнінде қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерін білдірді.Келген қонақтарға  музейдің әдіскері Д.Сейдағалиева «Жасай бер, жаңа Қазақстан» тақырыбында көрмені таныстырып, музей залдарына экскурсия жасады.Музей басшысы Сахан Оңжаңұлы іс-шараға қатысушыларға алғыс айтып, қорытындылады.