Журналист, қазіргі М.Қапышев атындағы Халық театрын алғашқы ұйымдастырушыларының бірі Қорғанбеков Ділдабек Қорғанбекұлының 85 жасқа толуына орай Қ.Әбенов атындағы аудандық мәдениет үйінде ескерткіш тақта ашылды. Атаулы іс-шараға сәйкес А.Иманов атындағы музей залында арнайы бұрыш ұйымдастырылып, келуші қонақтарға ел перзентінің өмір және еңбек жолдары мен шығармашылығы таныстырылды.