1882 жылы Үрпек ауылында дүниеге келген.1930 жылы серіктестікке мүше болды, одан соң Комсомол колхозы құрылғанда шопан, кейін Иманов атындағы совхозда аға шопан болып еңбек еткен. 1947 жылы Қалмағанбет Жансапақов туған колхозын бұрын соңды болып көрмеген көрсеткішімен қуантты. 426 саулықтан 567 қозы өсірді.Олардың етке тапсырылғандағы əрқайсысының салмағы 41 килограмға айналды. Еңбектегі үздік көрсеткіштері үшін СССР Жоғары Кеңесі Президиумның 1948 жылғы 23 шілдедегі Жарлығымен Қалмағанбет Жансапақовқа «Социалистік Еңбек Ері» атағы берілді.