Биыл Ұлы Жеңіске 77 жыл толып отыр. Бес жылға созылған соғысқа жерлестеріміз де қатысып, ерен ерлік көрсеткен. Еліміздің сан ғасырлық тарихында Отан алдындағы адал қызметімен ел есінде қалған батырларымыз аз емес. Ауданымыздан 4872 адам аттанып, 1600 дей адам елге оралды. Бұл сұрапыл соғыс еліміз үшін ең ауыр соққы болғанымен, еліміздің бетке ұстар ержүрек батыр бабаларымыздың арқасында бүгін де бейбіт мемлекетке айналып, биыл ұлы жеңістің 77 жылдығын атап өтудеміз.

Атаулы күнге орай, ата-бабаларымыздың ерен ерліктерін мәңгі есте сақтап, рухани тағзым ету мақсатында А.Иманов атындағы мемориалдық музейінің қызметкерлері аудан тарихына арналған залда «Ұлы Жеңіске мың тағзым», «Ерлікке мың тағзым» тақырыптарында көрмелер шығарды. Іс-шараға Жасбуын жалпы білім беретін мектебінің спорт үйірмесінің оқушылары, «Амангелді ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ оқушылары және ауданымыздың «Аманат» партиясының қызметкерлері қатысып, экскурсия жасалды.

Қанша уақыт өтсе де, ұлы жеңіс жолында ерлікпен қаза тапқан, Отан үшін от кешкен батыр бабаларымыз ел есінде мәңгі сақталмақ. Сұрапыл соғыстан елімізді аман сақтап, болашақ ұрпаққа аманат етіп қалдырған қазақ батырлары тарих төрінен мәңгілікке орын алады.