1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында А.Иманов музейінде қазақ елінде  тұрып жатқан түрлі ұлт  өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін, достығын  насихаттау мақсатында  «Ел достығы - ұлттар достығы» тақырыбында музейлік сабақ өтті. Іс-шараға қатынасқан Б.Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің оқушылары достық, татулық жөнінде өлендерді мәнерлеп оқыса, тарих пәнінің мұғалімі Серікұлы Шалқар қазақ жеріне әр түрлі ұлт өкілдерінің қоныстану тарихын  баяндап берді. Музейдің қызметкері Ж.Досбергенов «Бір шаңырақ астында» тақырыбындағы көрмедегі Амангелді ауданында тұратын  әр түрлі ұлт өкілдері туралы және музей қорындағы әр жылдары 1 мамыр мерекесін мерекелеу сәтіндегі  фото-суреттерді  таныстырып, мерекенің шығу тарихы жөніндегі бейне-фильм көрсетті.