Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Ұлы даланың ұлы тұлғалары мен қастерлі мекендерін насихаттау мақсатында Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданынан "Ырғыздан Ырғызбайдың еліне" атты экспедиция Амангелді ауданына 14.06 күні арнайы келіп, А.Иманов атындағы Амангелді мемориалдық музейдің экспозициялық залдарымен танысты.