1-наурыз жалпы халықтық мереке – Алғыс айту күні. Бұл мереке біздің ортақ тарихымыздың символы, Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігінің, құрметі мен ынтымағының күні. Бұл күн - Қазақстан жеріне қоныстанған ұлттардың құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның күні. Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында ел ішінде қалыптасқан өзара түсіністік пен бір-біріне қолдау көрсету біздің еліміздің рухани  қағидаты болып қалыптасты. Бұл күні біз ата-бабаларымызды ризашылықпен еске аламыз, ата-аналарымызға, бауырларымызға, достарымызға, мұғалімдерімізге, бір-бірімізге алғыс айтып, халқымыздың қайырымдылық дәстүрлерін жалғастырамыз. Бүгінгі Алғыс айту күнімен Қазақстан халқын құттықтаймыз! Ортақ үйіміздегі бейбітшілік пен келісім үшін баршаңызға ризашылығымызды білдіреміз! Бейне құттықтауды жолдаған А.Иманов атындағы музей әдіскері Сейдағалиева Д. Ұжым атынан алғысымыз бен достығымызды қабыл алыңыздар!