«БІЛІМДІ ҰРПАҚ-ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ» атты онлайн республикалық эссе байқауы

                                                                           

«BILIM және ORKENIET» Ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығы қараша айынан бастап Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын педагогтар, студенттер мен оқушылар арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі» атты республикалық байқау ұйымдастырылды. Бұл байқауға А.Иманов мемориалдық музейі мен «Шұғыла» қосымша білім беру орталығының «Руханият» үйірмесінің бірнеше оқушылары қатынасқан болатын.  «Туған жер тұлғалары» циклі бойынша Амангелді орта мектебінің оқушысы Нұртөре Сейдағалиев  «Ұлым дейтін ел болмаса...»  (жерлесіміз меценат, жиһанкез Сапар Ысқақов жайлы) тақырыбында 2-ші орын иеленсе, осы мектептің оқушысы Әбілғазы Айша  ақын, сазгер Ерлан Нұрманғалиевтің өмірі мен шығармашылығы жайлы «Найзағай-ғұмыр» эссесімен, Б.Қолдасбаев атындағы мектептің оқушысы Кенжеғалиева Төлеу  Халық әртісі Әнуар Боранбаев жайлы «Сахна өнерінің саңлағы» шығармасымен жеңімпаз атанды. Аталған жеңімпаздар мен жетекшісі Сахан Оңжанұлы арнайы дипломдармен марапатталып, шығармалары республикалық жинаққа енетін болды.