А.Иманов музейінің сайтының оқырмандары, сіздерді Республикамыздың басты мерекелерінің бірі – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі аясында Амангелді ауданындағы белсенді, әр түрлі іс шараларға өз үлестерін қосып жүрген жас та болса да өзінің жақсы қырынан танытып, әр салада жұмыс істеп жүрген жас азаматтардың бейне-құттықтауларын қабыл алыңыздар.