Қазақстанның тәуелсіз, егеменді ел ретінде танылғанына жиырма тоғыз жыл толды. Осы атаулы төл мерекеміз 16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында  «Тәуелсіздік белестері» атты онлайн көрмені ұсынып отырмыз.Бұл көрмеде 1986 жылы 17 — 19  желтоқсан аралығында Алматыда болған Желтоқсан көтерілісі, Тәуелсіздік жылдары  атқарылған маңызды шаралар туралы мәліметтер ұсынылды.