31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған орай, «Шұғыла» орталығы алаңындағы ескерткіш қасында еске алу жиыны өтті.

150-ге тарта адам қатынасқан жиында ашаршылық және саяси репрессия құрбандарына 1 минуттық  үнсіздік жарияланып, гүл шоқтары қойылды. «Сатыбалды Ишан мешітінің»  имамы Жандарбек Мүбаракұлы арнайы құран бағыштады. Жиын барысында ардақты ана, Еңбек ардагері Жәмиева Зоя сөз сөйлеп, саяси репрессия құрбандарының ұрпақтары атынан лебізін білдірді. Іс-шара аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылған «Зұлмат жылдар жаңғырығы жадымызда» тақырыбында ұйымдастырылған көрмені тамашалаумен жалғасты. Сонымен қатар, ашаршылық саяси қуғын - сүргін құрбандарына арналған деректі фильм көрсетіліп, Қ.Әбенов атындағы халық театрының актерларының қатысуымен  «Қанмен жазылған хат» қойылымы көрсетілді.