Ақпан айының 20-да А.Иманов атындағы мемориалдық музейінде Қазақстан журналистикасының ардагері, жерлесіміз, белгілі жазушы, қоғам қайраткері, профессор Әбілфайыз Ыдырысовтың туғанына 90 жыл толғанын атап өтті.

Іс - шараға қатынасқан «Руханият» үйірмесі оқушыларына музей қызметкері Д.Сейдағалиева  жазушының өмір жолы, шығармашылығы жөнінде дәріс оқыды. Содан соң Әбілфайыз Ыдырысовтың «Өнегелі өмір», «Таңшолпан» т.с.с томдық  кітаптарының мазмұны таныстырылып, музей экспозициясына экскурсия жасалды.