17 қаңтар Аманкелді ауданының құрылған күні, А.Иманов музейіне 50 жыл толуына орай шығарылған «Уақытпен үндескен өңір» атты жинақтың тұсаукесері өтті.

Мерекелік іс-шараға қатысушы қоңақтардың назарына музей қорынан алынған аудан тарихына байланысты маңызды оқиғалардың суреттері, құжаттары «Аудан тарихы - музей суреттерінде» атты фото-көрмеде ұсынылып, таныстырылды. Іс-шара аудан әкімінің құттықтау сөзімен басталып, аудан әкімі мен Аманкелді ауданының «Құрметті азаматы» Жүнісов Ғалымжан ақсақал кітаптың тұсауын кесті. Музей басшысы Сахан Оңжанұлы жинақта қамтылған барлық бөлімдермен, бұрын еш жерде жарияланбаған тың деректерді көпшілікке таныстырды. Іс-шара барысында кітапқа енген туған жер әуендерінен бірнеше әндер мен күйлер орындалды. Жарты ғасырлық тарихы бар ауданымыздың киелі қара шаңырағы А.Иманов музейінің тарихына арналған «Уақытпен үндескен өңір» атты жинақ кітабының тұсаукесері көпшіліктің қолдауымен жоғары деңгейде өтті.