2018 жылдың 3 сәуір күні халық батыры, Торғайдағы Ұлт-азаттық көтерілістің сардары, ұйымдастырушысы Амангелді Имановтың туғанына 145 жыл толып отыр.

Осы атаулы күнге орай батыр атын иеленген А.Иманов атындағы Амангелді мемориалдық мұражайы, Амангелді аудандық орталық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастырумен бірқатар іс-шаралар өткізілді.

Атап кетсек «Азаттық үшін алысқан» Амангелді Имановтың туғанына 145 жыл тақырыбында дәріс оқылып, көрме ұйымдастырылды. Сонымен қатар қазақ киносына зор серпіліс жасаған 1938 жылы Ленфильм Алматы кинохроника студиясы кинематографистертерімен түсірілген қазақ даласындағы ең алғашқы дыбысты фильмнен үзінді көрсетіліп, Амангелді Иманов мұражайының экспозицияларына мұражайдың ғылыми қызметкері Ж.Досбергенов экскурсия жасады.