Амангелді ауданында көрнекті театр-кино актері, Қазақстанның халық әртісі Әнуар Боранбаевтың 70 жылдығы аталып өтті.

Атақты кино әртісі, өнерге қалтқысыз қызмет еткен Әнуар сан қырлы талант иесі болды. Сахна өнер иесін еске алу үшін аудан орталығында бірнеше іс-шаралар атқарылған болатын.  Шара барысында М.Әуезов атындағы академиялық драма театр қонақтары аудандық музейге де келіп, аралап, өздерінің аудан тарихына деген ризашылықтарын білдіріп кетті.

Әнуар Боранбаев 1948 жылдың 14 наурызында Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Жаңаталап ауылында дүниеге келді. Оқушы кезінен өнерге жақын ол 1965 жылы он бір жылдық орта мектепті бітірген соң Алматыдағы Ауыл шаруашылығы институтының студенті атанады. Бір жылдан кейін Құрманғазы атындағы консерваторияның актерлік бөліміне түседі. Талантты жас 3-курста оқып жүргенде М.Әуезов қызметке шақырылады. Оның театрда орындаған алғашқы рөлдері - М.Әуезовтің «Түнгі сарынындағы» мұғалім Сапа, Ш.Айтматовтың «Ана-Жер-анасындағы» Майсалбек, Қ.Мұқашевтің «Дала дастаныныдағы» ақын Ілияс Жансүгіров бейнесі.