Жаңалықтар

5.06.2020 күні «Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл» атты А.Иманов музейінде  мектеп жанындағы «Балдәурен» үйірме балаларына онлайн тарихи-танымдық сағат өтті.

Биыл  Мемлекеттік рәміздерге 28 жыл толып отыр. Елбасымыз Н. Ә.Назарбаев 1992 жылы  4 маусымда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын», «Қазақстан Республикасының елтаңбасын» және «Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік  әнұранын» қабылдаған болатын. Осы атаулы күн қарсанында «А.Иманов атындағы Амангелді мемориалдық мұражайы» КММ-сі «Рәміздерім - елдігімінің белгісі» тақырыбындағы онлайн көрмені назарларыңызға ұсынады.

«Руханият» үйірмесінің оқушыларына арналған кезекті онлайн сабақ өтті.

Музей (грек. museim) - музаға арналған орын, муза ғибадатханасы деген сөздің мағынасын білдіреді. «Музалар» - деп гректерде өнер туындыларын айтады. Музей тарихи - ғылыми деректерді, көне заман ескерткіштерін, олардың үлгі нұсқаларын, өнер туындыларын, мәдени құндылықтары т. б. мұраларды зерттеп жинақтаушы, сақтаушы, әрі бұл мұраларды ұрпақтан - ұрпаққа жеткізе отырып, солардың негізінде жастарға жалпы қоғам мүшелеріне тәлім - тәрбие, беретін ғылыми, мәдени және рухани мекеме.