1917 жылы Жангелдин ауданы Қызбел ауылында дүниеге келді. Қостанай облысының Науырзым ауданында 7 жылдық мектепті тәмәмдады.1939 жылы Совет әскер қатарына шақырылған.  1941-1947 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыста 3 АД, 393 АП құрамында қатардағы жауынгер болған. 1941 жылы шілдеде жау қолына түсіп, тұтқында болды. 1947 жылы әскерден босап елге оралғаннан кейін 1948-1950 жылдар аралығында Қостанай облысының Меңдіғара педагогикалық училищесін аяқтаған. 1950-1958 жылдары Үрпек ауылында жетіжылдық мектепте бастауыш кластардың мұғалімі болып қызмет атқарған. 1958-1960 жылдары «Қазақстанның 40 жылдығы атындағы» кеңшардың Қамысбай бөлімшесінің ферма меңгерушісі,1960-1970жылдары осы совхоздың Жаңатұрмыс бөлімшесінің меңгерушісі болды. 1970-1972жылдары аралығында  аталған совхоздың селолық Советінің төрағасы,1972-1976 жылдары Аманкелді ауданы орталығының сауда кооперациясының төрағасы қызметтерін атқарды. 1976-1977жылдары Аманкелді аудандық №3 өрт сөндіру мекемесінің бастығы болды. 1977-1979 жылдары Аманкелді ауданының Аудандық мамандандырылған бөлімше басқарушысы болып қызмет атқарып,1979 жылы осы қызметтен зейнеткерлікке шықты. Көп жылғы еңбегінің нәтижесінде Алғыс хаттармен, Құрмет грамоталарымен, «Қарулы күштердің құрылғанына 60 жыл» мерейтойлық медалімен, білім саласы бойынша көптеген Құрмет грамоталарымен марапатталған. 1984 жылы дүниеден өтті.